$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Президент Лукашенко: «Украинадағы тұрақтылықты АҚШ-тың қатысуынсыз қамтамасыз ету мүмкін емес»

AstanaTV
01.04.2015ж. 13:00
1313
Президент Лукашенко: «Украинадағы тұрақтылықты АҚШ-тың қатысуынсыз  қамтамасыз ету мүмкін емес»

Украинада тұрақтылықты қамтамасыз етуге АҚШ-ты қатыстырмаса болмайды. «Белоруссия президенті Александр Лукашенко «Bloomberg» телеарнасына берген сұхбатында осыны мәлімдеді» - деген ақпарат ел басшысының сайтында жарияланды.

Ресми ақпаратта Лукашенконың, «Украинадағы жағдайды тұрақтандыру процесіне Америка құрама штаттары ашық түрде қатысқан жоқ. Бұл орынсыз деп ойлаймын. Американың ресми өкілдерімен болған соңғы кездесулерде де осы ұстанымымды жеткіздім.

Жалпы АҚШ-тың Шығыс Еуропа, атап айтқанда Украинада нені көздеп отырғанын білмеймін. Алайда, олардың қалайтыны бейбітшілік пен тұрақтылық болса, оны қалыптастыру процесіне лезде атсалысуы керек» - деген сөздері келтірілген.

Айта кетейік, бүгін Украина президенті Петр Порошенко мен Германия канцлері Ангела Меркель, екі ел Сыртқы істер министрлерінің «нормандттық форматтағы» кезекті кездесуін өткізуге келісімдерін берді.

Еске салсақ, «норманд төрттігі» елдерінің министрлер деңгейіндегі кездесуі соңғы рет 24-ақпанда, Парижде өтті.

Жұрағат БАМАН