$498.55 €524.28 ₽4.75
×

Украинаға бітімгершілік мақсатта Қазақстаннан әскерилер жіберілмейді

AstanaTV
01.04.2015ж. 13:00
1320
Украинаға бітімгершілік мақсатта Қазақстаннан әскерилер жіберілмейді

Украинаға бітімгершілік мақсатта Қазақстаннан әскерилер жолданбайды. Мұндай мәселе қарастырып та жатқан жоқ. Бүгін Парламент қабырғасында депутат, Халықаралық істер, Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев осыны мәлімдеді.

Оның сөзінше, Украинадағы шиеленіс Минск келісімі аясында шешілуі тиіс. Ал ол құжатта Қазақстанның бұл мәселеге араласу мәселесі қарастырылмаған.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Украинадағы жағдай Минскідегі келісімдер негізінде реттеуге бағытталған жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оған Қазақстан тарапынан қандай да бір әскери қызметкерлерді жіберу деген мәселе қаралып жатқан жоқ.

Бүгін Парламентте «Бітімгершілік қызмет туралы» заң жобасының бірінші оқылымы өтті. Бұған дейін үш жүздей қазақ сарбазы 2003-2008 жылдары Біріккен ұлттар ұйымының бітімгершілік миссиясы аясында Иракта болып қайтқан.

Қазіргі таңда 20 әскери іріктелген. Биыл жетеуі түрлі елдерге тағы аттанады. Ал Парламентке заң жобасын баяндай келген Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров, депутат Виктор Киянскидің қазақша қиыннан қиыстырып қойған сауалына, орысша жауап қатып, ескерту естіді.

Мөлдір ДЮСЕКИНА





 

Алдыңғы жаңалық