$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Қарағанды облысында су тасқыны бәсеңдеді

AstanaTV
01.04.2015ж. 13:00
1792
Қарағанды облысында су тасқыны бәсеңдеді

Астана, Қарағанды қалаларынан барған құтқарушылар, Ұлытау ауданын алып жатқан Сарысу өзендегі суды ен далаға жырған. Осылайша су деңгейін едәуір төмендетіпті. Бұған дейін Қарқаралы ауданының Матақ, Тоқтар Әубәкіров атындағы ауылдарын топан су басып, 55-тен астам астам үй мен үй аулалары суға толған еді.

Ал тұрғындар әзір туыс-туғандары мен ауылдық мектептерде тұрып жатыр. Ұлытау ауданының Жыланды ауылында да жағдай біршама тұрақталған. Су басқан 43 үй тазартылуда. 4 шақырым аумаққа құм себілген. 

Айта кетейік, бұған дейін  Қарағанды облысының Қарқаралы, Шет, Бұқар жырау, Ұлытау аудандарының он шақты ауылы мен Ағадыр, Қаражал кенттеріндегі жүздеген үйді еріген қар суы мен іргедегі өзен суы басты.

Айжан ҚУАШ