Венгрлік үкіметтік делегацияны
бастап келген Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанды Мемлекет басшысы
Нұрсұлтан Назарбаев қабылдады. Кездесуде тараптар екі елдің өзара ықпалдастығы
бойынша ауқымды мәселелерді, сондай-ақ халықаралық аренадағы өзекті жайттарды
талқылады. Президент
екі ел ынтымақтастығы дамуының үдемелі қарқынына назар аударды. Виктор Орбан өз
кезегінде Елбасына ризашылығын білдіріп, венгр халқының сәлемін жеткізді.
Нұрсұлтан
Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Біз
2012 жылы кездестік. Біздің премьер-министр Будапештке барды. Енді,
міне, сіз жауапты сапармен келіп отырсыз. Бұл байланыстар біздің
сауда-экономикалық қарым-қатынастарды нығайтуға ықыласты екенімізді көрсетеді.
Венгрияның Еуропа одағы елдері арасынан алғашқылардың бірі болып Қазақстанмен
стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойғанын жоғары бағалаймыз.
Сіздің сапарыңыз нәтижелі болуы, ынтымақтастығымыздың нақты бағыттары бойынша
уағдаластықтарға қол жеткізуі үшін, біз қажетті күш-жігерімізді жұмсауға
дайынбыз.
Виктор
Орбан,
Венгрия премьер-министрі:
Құрметті
Президент, сіздің қабылдауыңызда болу - біз үшін үлкен
мәртебе. Біз Қазақстанның қарқынды дамуын көріп, көңіліміз толып отыр. Бүгінде
Венгрияда 45 қазақ студенті білім алып жатыр. Будапешттегі бір көшеге Астана
атауын бергенімізді жеткізгім келеді. Біз саяси және мәдени байланыстарымыз
тиісті деңгейде деп санаймыз.
Айгүл ӘДЕПБАЙ