×

Ақтөбе облысында аңшылықпен заңсыз айналысқандар тұңғыш рет темір торға тоғытылды

AstanaTV
05.02.2016ж. 20:00
1996
Ақтөбе облысында аңшылықпен заңсыз айналысқандар тұңғыш рет темір торға тоғытылды

Ақтөбе облысында аңшылықпен заңсыз айналысқандар тұңғыш рет темір торға тоғытылды. «Ырғыз-Торғай» табиғи резерватында Қызыл кітапқа енген жануарларға қырғидай тиген 6 қызылордалық заң алдында жауап берді.

Сот залындағы деректерге сәйкес, құзырлы орган өкілдері оларды қылмыс үстінде ұстаған. Заңсыз аңшылықпен айналысқандардың көліктерінен киіктің 100 мүйізі тәркіленген. Сонымен қатар аңшылық қарулары да болған. Аудандық сот 3 азаматты 3 жылға бостандығынан айырса, тағы екеуі абақтыда бір жарым жылын өткізеді. Ал біреуі 2 жылға сотталды. Заңгерлер, бұған дейін заңсыз аңшылыққа шыққандар көбіне айыппұл төлеп құтылатынын айтады. Сондықтан да ақбөкендерге аңға шығушылар саны азаймай келеді, -деді.

Ұлан Мамырбаев, «Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты» ММ директоры:

Бес броконьер ұсталса, олардың біреуі ғана мойнына алады да, қалғаны куәгер ретінде кетеді. Қазақстанда, бізде заңның осы жері осалдау болып келеді. Саусақпен санарлық істердің бірі. Қылмыс жасаған 6 адам бірдей сотталған.

Мансұр ЕСХОЖИН