Атырау
мұнай өңдеу зауыты қалай жекешелендірілетініне қатысты нақты шешім қабылданған
жоқ. Ал жекешелендірген жағдайда әлеуетті инвестор кәсіпорынның 3 млрд АҚШ
ақшасын құрайтын қарызын өтеуі тиіс. Бұл туралы бүгін «ҚазМұнайГаз» ҰК басқарма
төрағасы Сауат Мыңбаев Атыраудағы қызметтік сапары барысында мәлімдеді.
Сауат
Мыңбаев, «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы:
Жекешелендіру
бойынша қалай өтетіндігі туралы нақты шешім жоқ. Бірақ, өздеріңіз
білесіздер, Атырау мұнай өңдеу зауытын қайта жаңғырту үшін, қомақты қаржы - 3 млрд АҚШ доллары
шамасында - қаражат бөлінді. Егер жекешелендіру болған жағдайда, әлеуетті
инвестор зауытпен бірге 3 млрд доллар қарызды өтеуді өз мойнына алады.
Төрағаның
айтуынша, зауыттың 49 пайыз үлесі «ҚазМұнайГазда» қалуы тиіс. Айта кетейік,
жекешелендірудің жаңа бағдарламасына
үш зауыт та - Атырау, Шымкент және Павлодар мұнай өңдеу зауыттары - түгелдей енгізілген болатын.
Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ