$533.61 €621.07 ₽6.78
×

Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози сот алдында жауап беруге келді

AstanaTV
02.04.2015ж. 10:00
1409
Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози сот алдында жауап беруге келді

Францияның бұрынғы басшысы Николя Саркози сот алдында жауапқа тартылды. Экс-Президент 2012 жылғы сайлауда заң бұзуы мүмкін деген күдікке ілінді,- деп хабарлайды француз ақпарат құралдары.

Осыдан екі жыл бұрын елдің конституциялық соты Саркозидің сайлау алды компаниясына рұқсат берілген сомадан әлдеқайда артық қаржы жұмсалғанын анықтаған. Франция заңы бойынша, сайлауға кететін шығынды үкімет көтереді.

Бірақ қаржы белгілі шектен аспауы тиіс. Ал Саркози компаниясының заңды белден басқаны анықталған. Енді сот шешіміне сай, оны президенттікке ұсынған партияға мемлекет айыппұл салуға құқылы.

Алайда аталмыш айыппұлды партия емес, Саркозидің өзі төлеуі тиіс деп санайды құқық қорғау органдарының өкілдері.

Айгүл АДЕПБАЙ