Чилидің
солтүстігінде су тасқынынан қаза болғандар саны 23 адамға жетті. Тағы алпысқа
жуық адам із-түзсіз жоғалған,-деп хабарлайды Рейтерс. Толассыз жауынның
салдарынан күшейген тасқын соңғы 80 жылда болмаған жойқын апатқа айналды.
Арнасынан асқан өзендер жолындағының бәрін шайып кетіп жатыр. 22 мыңнан астам
адам үйлерін тастап, бас сауғалап кетуге мәжбүр,- деп мәлімдеді Ұлттық төтенше
жағдайлар басқармасының бастығы Рикардо Торо.
Оның айтуынша, үй-күйі су астында
қалған 4 мыңнан астам тұрғын уақытша паналау орталықтарына орналастырылды. Бес
мыңдай баспанаға зақым келген. 20 мыңнан астам азаматтың дүние мүлкі жарамсыз
болып қалды.
Бүгінде Жапония, Мексика, Қытай және Боливия елдері Чилиге
гуманитарлық көмек жіберді.
Айгүл ӘДЕПБАЙ