Қостанайда
ауыл шаруашылық техникаларының көрмесі өтті. «Агронауқан-2015» деп аталған
ауқымды шараға еліміздің бірқатар облыстарымен қатар Ресей Федерациясының
өкілдері қатысты. Көктемгі егіс науқаны қарсаңында ұйымдастырылған көрмеден өңір
диқандары қажетті соқа-саймандары мен техникаларын тапты.
Тобыл өңірінде тұңғыш
рет өткен көрмеге Қостанай, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарынан іргелі
ұжымдар келген. Барлығы 60-қа тарта кәсіпорын төрт бағыт бойынша өз өнімдерін
диқандардың назарына ұсынды.
Соңғы үлгідегі ауыл шаруашылық техникаларының мол
мүмкіндіктерін паш етті. Алдағы уақытта мұндай көрме аймақтың барлық
аудандарында өткізіледі, - дейді ауыл шаруашылық басқармасының өкілдері.
Көрмеге
келген шаруалардың көбісі қалаған техникасын осы жерден тауып, оңтайлы бағамен
сатып алуда.
Орал
Нұрғазин, Қостанай облыстық ауыл шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары:
Кейбір
ауыл шаруашылық өкілдері осында келісім-шарттар жасап жатыр. Біраз жаңа
технологияларды көріп. Көрмеге келген аудандық ауыл шаруашылық бөлімі мен
әкімдер біраз жаңалықты естіп білді. Енді осы көрмені аудандарды өткіземіз.
Заңғар САНАЙ