Охот теңізінде «Қиыр Шығыс»
траулерінің суға батуынан қаза тапқандар саны 54 ке жетті. 15 теңізшінің
тағдыры әзірге белгісіз. Бұл туралы ТАСС хабарлайды. Осыған дейін 63 адамның
құтқарылғаны жайлы ақпарат тараған еді.
Камчатка жағалауларында апатқа ұшыраған
кеме бортында 132 адам болған. Оның 78-і Ресей азаматтары. Өзге 54 адам
шетелдіктер. Алдын ала мәлімет бойынша, экипаж құрамында Бирма, Вануату, Латвия және Украина
азаматтары да болған.
«Қиыр Шығыс» траулерінің
ұзындығы - 104, ені - 16 метр. Түрлі дереккөздер хабарлағандай, кеме
батар алдында SOS белгісін таратпаған. Іздестіру-құтқару шараларына 800-ге жуық адам мен 26 кеме қатысты.
Алып
кеме су бетінде қалқып тұрған мұзға соғылуы мүмкін,- деген болжам айтылуда.
Апат бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА