$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қызылжарда 8 пәтерлі тұрғын үй жанып кетті

AstanaTV
05.02.2016ж. 20:00
1595
Қызылжарда 8 пәтерлі тұрғын үй жанып кетті

Қызылжарда өрттен зардап шеккен 8 пәтерлі үй тұрғындары далада қалмайды. Бұл туралы қалалық әкімдікте болған жиында айтылды. Билік өкілдері өрттің кесірінен баспанасынан айырылған әрбір отбасыға 100 айлық есептік көрсеткіш, яғни 202 100 теңге жәрдемақы ретінде берілетінін айтты.

Марат Тасмағанбетов, Петропавл қаласының әкімі:

Біз зардап шеккен азаматтарды тұрғын үй кезегіне қоямыз. Кейін оларға баспана ұсынылады. Бүгінде бір бөлмелі пәтер табылды. Қазір бұл пәтерді әлгі тұрғындарға беру үшін құжаттар әзірленеді. Ал қалғандарының баспана мәселесін олармен бетпе-бет жүздескен кезде шешеміз. Бұдан бөлек, біз риэлторлар мен құрылыс компанияларына жүгіндік. Егер де олардың иелігінде бос жатқан баспана болса, біз оны өрттен  жапа шеккен адамдарға уақытша береміз.

Оқыс жағдай кеше түнгі бірлер шамасында болған. Абырой болғанда, адамдар дін аман. Жалынды байқаған баспана тұрғындары дереу құтқарушыларды шақыртқан. Ғимарат қабырғалары қамыстан соғылғаннан кейін өртті тез арада сөндіру мүмкін болмапты. Үш пәтердің шатыры опырылып түскен. Бұл үйде 25 адам тұрған екен.

Абзал ҚҰРМАНКИН