Түркияда прокурордың
өлімі, сондай-ақ билік партиясы штабының
қарулы топтың басып алуы ел ішінде дүрбелең тудыруда. Осыған байланысты
президент Реджеп Тайып Ердоған өзінің Румынияға іс-сапарын кейінге шегеруге
мәжбүр болды.
Жалпы
өткен сейсенбі күні орын алған оқиғалар түрік билігі үшін аса ауыр тиді. Құқық
қорғаушылардың терроршыларға қарсы дәрменсіздігі жұрт арасында алаңдаушылық тудыруда.
Айта кетейік, осыдан екі күн бұрын Әділет сот ғимаратына
белгісіз екі адам кіріп, прокурорды тұтқынға алды.
Кейін құтқару операциясы
барысында жарақаттанған Мехмет Селим Кираз ауруханада көз жұмды. Бұдан бөлек,
экстремистер кеше биліктегі Әділет және даму партиясының Стамбулдағы штабының
жергілікті бөлімі ғимаратын басып алды.
Қазір экстермистердің екеуі де
құрықталды. Олардың нені көздегені тергеліп жатыр. Түркия премьер-министрі
Ахмет Дәуітоғлы бұл оқиғаларды ел демократиясына қарсы әрекет деп атады. Ал
президент халықты қауіпсіздікке алаңдамай, сабыр сақтауға үндеді.
Түркияны
тұрақтылық пен бейбітшіліктен тайдырмақ болғандардың қолынан ештеңе келмейді.
Біз оларға ондай мүмкіндік бермейміз. Бізге нақты шараларға көшу керек. Қауіпсіздік
мәселесіне аса назар аударуымыз қажет. Қазіргі жағдайда сақ болу керек.
Жұрағат БАМАН