Ирак
әскерилері елдің солтүстігіндегі Тикрит қаласының басым бөлігін «Ислам
мелмелекеті»
радикалды тобы содырларынан босатты. Ирак билігі Тикриттің орталық, оңтүстік
және батыс аудандары бақылауға алынғанын ресми мәлімдеді.
Әкімшілік
ғимараттарға меммлекеттік ту орнатылды. Дегенмен қаланың солтүстігінде әлі
қарулы қақтығыстар жалғасуда. Радикалдар Мосул қаласын басып отыр. Сирияның
біраз бөлігін де өздеріне қаратып алған.
Еске салайық, ИЛИМ радикалды қозғалысы
Тикрит қаласына өткен жылдың шілдесінде басып кірді. Ирак әскерилері бірден
тойтарыс бере бастаған-ды. Бірақ қаланы толық азат ету бүгінге дейін мүмкін
болмай отыр.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА