Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Құрамында зиянды зат мөлшері артып кеткен Ресей шұжықтары тәркіленуде

AstanaTV
02.04.2015ж. 13:00
2645
Құрамында зиянды зат мөлшері артып кеткен Ресей шұжықтары тәркіленуде

Оралда Ресейде өндірілген шұжықтардың кейбірі дүкен сөрелерінен алынып тасталатын болды. Бұған өнім құрамындағы зиянды заттардың мөлшерден тыс көп екендігі себеп. Санитар мамандардың дерегінше, ресейлік шұжық өнімдерінің кейбір түрлері қазақстандық сапа стандартына сай емес.

Яғни шұжық құрамындағы натрий нитратынан төнер қауіп орасан. Бұл затты шұжықтың түсі мен дәмін кіргізу үшін қосады екен. Әрі натрий нитратының өнім құрамындағы зиянды микрофлораны құртатын қасиеті де бар.

Алайда, мөлшері шектен тыс көп болса, бұл  адамның ас қорыту жүйесіне кері әсерін тигізеді. Сондықтан, мамандар егер шұжықтың тұзы мол екенін байқасаңыз, оны жеуден бас тартқан дұрыс деп кеңес береді.

Гүлнар Дүйсекенова, БҚО Тұтынушылар құқығын қорғау деппартаменінің бөлім басшысы:

Тексеру барысында қаладағы сауда орындарында сатылып жатқан ресейлік шұжықтардың 4 түрінде зиянды заттардың көп екендігі анықталды. Яғни, натрий нитраты қалыпты мөлшерден 4 есеге артық. Енді осы өнімді жеткізушілердің кім екендігі анықталып, олармен жұмыс істейтін боламыз.

Еркін КАРИН