Жастарға
тегін кәсіптік білім беру Астанада басталып та кеткен. Елордадағы 24 мектепте
жоғарғы сынып оқушылары жаңа жылдан бастап бірқатар кәсіптік мамандықтар
бойынша білім алып жатыр. Даяшы, тігінші мен шаштараз сынды кәсіптерді меңгеріп
жатқан оқушыларға колледж ұстаздары дәріс береді.
Бұл туралы білім саласының
жұмысы қорытындыланған алқа мәжілісінде айтылды. Президент өз жолдауында 2017
жылдан бастап тегін кәсіптік білім беру жобасы жүзеге асатынын айтқан еді. Алқа
мәжілісіне қатысқан Үкімет басшысының орынбасары Дариға Назарбаева бірнеше
мәселеге тоқталды. Соның бірі - Ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесін жетілдіру.
«Тесттің пайдалы тұсы көп, салада жемқорлық азайды. Әйтсе де, бұл сынақ
төңірегінде дау жетіп артылады», - деді
вице-премьер. Сондай-ақ жүйені барынша жұмсақ, ыңғайлы ету жолында ұсыныстар
қаралып жатқанын жеткізді.
Базаргүл
ОТЫНШИЕВА