Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

«Арселор Миттал Теміртау» металлургтерді қысқартпайды

AstanaTV
03.04.2015ж. 20:00
954
«Арселор Миттал Теміртау» металлургтерді қысқартпайды

«Арселор Миттал Теміртау» компаниясында ешқандай қысқарту болмайды». Бүгін кәсіпорын атынан осындай жазбаша ақпарат тарады. Онда компанияның қаржы директоры Суроджит Гхош Қарағанды облысы әкімінің төрағалығымен өткен көшпелі отырыста, металлургтердің 10 пайызы қысқартылады деген ақпарат бермегені мәлімденіпті.

Атқарушы билік, кәсіподақ ұйымы және «Арселор Миттал Теміртау» өкілдерінен құралған үш жақты комиссия, 31 наурызда әлеуметтік жауапкершілік, жұмыс орындарын сақтау мәселелерін талқылады. Қысқарту туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын дәлелдеу үшін, кәсіпорын сол жиынның аудиожазбасын ұсынуға дайын отыр.

Айта кетейік, кеше ғана ақпараттық агенттіктер «Арселор Миттал Теміртау» металлургтерді жаппай қысқартқалы жатыр» деген хабар таратты. Дәлірек айтсақ, «Компанияның қаржы директоры Суроджит Гхош 165 жұмыскер қысқартылатынын мәлімдеді» деген ақпарат шыққан болатын.

Айжан ҚУАШ 

Алдыңғы жаңалық