$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Сенбі, 20.00 «Біздің уақыт»

AstanaTV
05.02.2016ж. 20:00
1769
Сенбі, 20.00 «Біздің уақыт»

Елімізде тұмау өршіп тұрған жоқ. Алайда грипптің Украина мен Ресейдегі жағдайдың ушығуына байланысты, сақтық шараларын күшейтпесе болмайды. Сондықтан Қостанай облысында мектептер мен медициналық мекемелерде жаппай дәке тағу тәртібі енгізілді.

Қаңтарда облыста 33 адам доңыз тұмауын жұқтырған. Денсаулық сақтау саласының өкілдері: «Үрейленуге негіз жоқ. Бұл дерт дер кезінде анықталатын болса, адам өміріне қауіп төндірмейді»,- дейді. Ал дәріханаларда көрші елдегідей тапшылық жоқ -  тұмауға қарсы дәрі-дәрмек түрлері жеткілікті, деп отыр.

Сәуле Бәйменова, Қостанай облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаменті бастығының орынбасары:

Былтырғы жылмен салыстырғанда, биыл ауырған адамдардың саны кішкене көбірек. Біздің облыста біраз іс-шаралар өткізіліп жатыр. Соның ішінде шектеу шаралары Қостанай, Рудный, Лисаков қаласында, сонымен қатар бірнеше аудандарға енгізіліп отыр.

Ертең 20.00-де «Біздің уақыт» ақпарат-сараптамалық бағдарламасынан тұмау тақырыбын ғана емес, қамалған кәсіпкер - шымкенттік сыра зауытының директоры Тоқтар Төлешов, Swarovski кристаллдарымен көмкерілген Bentley автомобилін сатуға қойған әйел туралы материалдарды да көре аласыздар.