$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Нұрсұлтан Назарбаев Охот теңізіндегі кеме апатына байланысты Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады

AstanaTV
02.04.2015ж. 20:00
1242
Нұрсұлтан Назарбаев Охот теңізіндегі кеме апатына байланысты Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Охот теңізіндегі кеме апатына байланысты Ресей басшысы Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады. «Мемлекет басшысы өзінің және бүкіл қазақстандықтардың атынан Ресей президентіне және қаза тапқан жандардың туыстарына көңіл айтты», - деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Охот теңізінде «Қиыр Шығыс» траулері суға батып, 54 адам қаза тапты. 15 теңізшінің тағдыры әзірге белгісіз. 63 адам құтқарылған. Камчатка жағалауларында апатқа ұшыраған кеме бортында 132 адам болған. Оның 78-і - Ресей азаматтары. Өзге 54 адам - шетелдіктер. Алдын ала мәлімет бойынша, экипаж құрамында Бирма, Латвия және Украина азаматтары да болған.

Түрлі дереккөздер хабарлағандай, кеме суға батар алдында SOS белгісін таратпаған. Іздестіру-құтқару шараларына 800-ге жуық адам қатысты. Алып кеме су бетінде қалқып тұрған мұзға соғылуы мүмкін деген болжам айтылуда. Апат бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА