$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Астана қаласында 254 сайлау учаскесі жасақталған

AstanaTV
02.04.2015ж. 20:00
1132
Астана қаласында 254 сайлау учаскесі жасақталған

Астанада 254 сайлау учаскесі жасақталған. 26 сәуірде олардың барлығы таңғы сағат 7-ден өз жұмысын бастайды. Бүгін Астанада сайлауды ұйымдастырушылар мен сайлау процесіне қатысушыларға арналған семинар өтті. Оның шеңберінде сайлау науқанын қаржылық, материалдық-техникалық және ақпараттық қамтамасыз ету мәселелері пысықталды.

Бүгінде Астанада жасақталған сайлау учаскелерінің алпыс бесі түрлі елшіліктер ғимаратында орналасқан. Маңызды саяси оқиғадан ел азаматтары тыс қалмас үшін, барлық мекемелер қамтылған. Әскери бөлімдер, ауруханалар, тіпті тергеу абақтысына да дауыс беру жәшіктері қойылады. Ал билік басындағы Президент пен шенеуніктер Астанадағы №1 сайлау учаскесіне барып дауыс береді. Ол Ұлттық кітапханада орналасқан. Жұртшылықты ынталандыру үшін, дауыс бергендерге сый-сияпат та қарастырылады.
 

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ