$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Нұрсұлтан Назарбаевтың республикалық қоғамдық штабы Алматы қаласында зиялы қауым өкілдерімен кездесті

AstanaTV
02.04.2015ж. 20:00
1524
Нұрсұлтан Назарбаевтың республикалық қоғамдық штабы Алматы қаласында зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Президенттікке кандидат Нұрсұлтан Назарбаевтың республикалық қоғамдық штабы бүгін Алматы қаласында зиялы қауым өкілдерімен, еліміздің белгілі тұлғаларымен кездесті. Жиынға қоғам қайраткерлері, өнер және спорт майталмандары қатысты. Айта кетерлігі, кандидатты қолдаушылар форумына бес мыңнан астам адам жиналды. Штаб мүшелері үгіт сапары барысында, сондай-ақ Алматы көпірлі құрылым зауытында болып, жұмысшыларды кандидат Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. 

Кандидат Нұрсұлтан Назарбаевтың республикалық қоғамдық штабының үгіт-насихат жұмыстары Алматы қаласында жалғасын тапты. Тарихы тереңінен созылған шаһар - әркезде еліміздің мәдени астанасы, ғылым және білім ордасы болып саналған. Бүгін кандидат Назарбаевтың үгіт тобы дарынды жастар мен зиялы қауым өкілдерінің басын қосқан форум аясында үміткердің сайлауалды бағдарламасын кеңінен насихаттады.

Қуаныш Сұлтанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Қазақстанның түкпір-түкпірінде керемет бағдарламалар жүзеге асырылып, жолдар салынып жатыр. Дүниежүзілік мемлекеттер арасында алдыңғы қатарға шығамыз деген сенімменен осы бағдарламасын жария етті.

Жақсылық Үшкемпіров, Мәскеу олимпиадасының чемпионы:

2012 жылғы олимпиада ойынында Лондонда өткен, біз жеті медаль алдық. Оның барлығы жайдан-жай емес. Осы президентіміздің, Елбасының бізге істеген қамқорлығы. Өзі де палуан, спортқа деген қаншама еңбегі сіңді.

Алматы қашанда экономикалық тұрғыда тұрақты, еліміздің дамуы қарқынды қалаларының алдыңғы қатарында келе жатқан шаһар ретінде танымал. Қаланың өндірістк, бизнесті өркендетудегі мүмкіншіліктері зор. Қуатты алып кәсіпорындар қоры да осында шоғырланған. Республикалық қоғамдық штаб мүшелері бүгін Алматы көпірлі құрылым зауытында насихат жұмыстарын жүргізді.

Мәулен Алипов, «АКҚЗ» ЖШС бас инженері:

Бүгінгі таңда біздің зауыт мынау еліміздің үлкен-үлкен мемлекеттік бағдарламаларға қатысуда. Өздеріңіз білетін жаңағы Батыс - Еуропа, Батыс - Қытай жол дәлізіне көпір құрылымдарын жеткізіп жатырмыз.

Қазақстанның ең үлкен қаласы ауқымды шараларымен де ерекшеленеді. Нұрсұлтан Назарбаевты қолдаушылар форумына бес мыңнан аса адам жиналды.

Ермахан Ыбрайымов, Сидней олимпиадасының чемпионы:

Құрметті жастар! 26 сәуір күні барлықтарыңыз бір кісінің баласындай болып келіп, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа дауыс беруге шақырамын.

Жиырма алтыншы сәуірде қазақстандықтар тарихи таңдауын жасайды. Еліміздің ертеңі, келешегіміздің кемелдігі аталмыш таңдауға қатысты болмақ.

Жұрағат БАМАН