$499.51 €525.83 ₽4.62
×

Қазақстан мен Ресейдің тиісті органдары ақпараттық қауіпсіздік саласында күш біріктіреді

AstanaTV
02.04.2015ж. 20:00
1388
Қазақстан мен Ресейдің тиісті органдары ақпараттық қауіпсіздік саласында күш біріктіреді

Қазақстанның ақпарат кеңісітігі ел тұтастығына қауіп төндіретін ақпардан ада емес. Бүгін Еуразия Ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінің мамандары елдің қауіпсіздік саласы өкілдерімен бірігіп, ресейлік әріптестерімен арада онлайн кеңес өткізді.

Конференция еуразиялық кеңістіктегі ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне арналды. Жиынға қатысушылар, кей кездері отандық ақпарат құралдарында халықаралық мәселелерге қатысты жауапсыз мәлімдемелер жасалып жатады, дейді. Мамандар арандатушы ақпараттан көршілес мемлекеттермен біріге қорғану керек десті.

Баубек Сомжүрек, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ халықаралық қатынастар факультетінің деканы:

Жасыратын ештеңе жоқ, бізде әртүрлі ақпарат бар. Салыстырған кезде мүлдем басқа болып шығады. Кімге сенерімізді білмей қаламыз. Сол себепті біз ресейлік сарапшылармен кейбір мәселелер бойынша, мысалы, қауіп деген түсінік бар. Осы мәселелерді қарастырамыз.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ