$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Серіктестік директоры қабірдегі жер телімі үшін пара талап еткен

AstanaTV
03.04.2015ж. 10:00
1216
Серіктестік директоры қабірдегі жер телімі үшін пара талап еткен

Қостанайда зираттағы жер телімі үшін ірі көлемде пара алған жемқор басшы қолға түсті. Жерлеу рәсімдері қызметін көрсетумен айналысатын серіктестік басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалып, материал сотқа жолданды - дейді облыстық прокуратураның өкілдері.

Құзырлы органның дерегіне сай, өткен айда Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне қала тұрғындарының бірінен шағым түскен.

Қаладағы зиратқа екі жыл бұрын әкесін жерлеген ол, енді қоршаудағы екінші жер телімін алғысы келетінін жеткізеді. Алайда серіктестік басшысы жер үшін 200 мың теңге көлемінде пара
  сұраған, - дейді прокуратура өкілі.

Ал, белгіленген тариф одан он есе арзан көрінеді.

Мұрат Оспанов, Қостанай облыстық прокуратурасы 2-ші басқарма бастығының орынбасары:

ҚР ҚК 336 бабы 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда қылмыстық іс негізінде тергеу аяқталып, сотқа жолданды.

Заңғар САНАЙ