Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

БҰҰ-ның ақпаратына сәйкес шет елдік содырлардың саны артып келеді

AstanaTV
03.04.2015ж. 10:00
1048
БҰҰ-ның ақпаратына сәйкес шет елдік содырлардың саны  артып келеді

БҰҰ-ның ақпаратына сәйкес, 25 мыңға жуық шетелдік Азия мен Таяу Шығысқа аттанып, «Әл-Каида» мен «Ислам мемлекеті» қатарына қосылған. Арасында ресейліктер де бар. Сарапшылардың пайымынша, олардың қатары жылдан-жылға көбейіп келеді.

Қазірдің өзінде 100-ге жуық мемлекеттің азаматтары Ирак, Сирия, Ливия және Пәкістанда соғысып жүр. Бұл әлемдегі қауіпсіздікке қатер төндіруде. 2014 жылдың наурызынан бергі уақыт аралығында олардың қатары 71 пайызға артып отыр.

Ирак пен Сирияда шет елдерден келгендер саны 22 мыңға жеткен. Ауғанстанда 6500 келімсек бар. Тағы жүздеген шетелдік Йемен, Пәкістан және Ливияда соғысып жүр. Сарапшылардың пікірінше, Ирак пен Сирияда құрылған «Ислам мемлекеті» құласа, содырдар әлемнің басқа аумақтарына ығысатыны сөзсіз.

Самат ҚАНАҒАТОВ