$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Елбасы жұмыс сапармен Оралға барды

AstanaTV
03.04.2015ж. 10:00
1483
Елбасы жұмыс сапармен Оралға барды

Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Орал қаласында өткізілген республикалық жастар форумына қатысты. Жиын екі мыңға жуық жастың басын қосты. Форумға телекөпір арқылы Атырау және Маңғыстау облыстарының жастары да қосылды.

Мемлекет басшысы, ел тәуелсіздігі мен қол жеткен табыстарды баянды ету жолында үлкен міндеттер тұрғанына тоқталды. Форум концерттік шараға ұласып, қазақстандық шоу-бизнес жұлдыздары жастар алдында өз өнерін көрсетті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Мынау тәуелсіз Қазақстанымыздың бүгінгі күні дүниежүзінің дәрежесінің көтерілуі, Қазақстанды дүниенің барлығы білуі, жаңа ұрпақ тәрбиелегеніміз, осының барлығы болашаққа деген мемлекеттің қамқорлығы болып саналады. Сендердің болашағың үшін, сондықтан, осы тәуелсіз еліміздің патриоты болып, шын жүректен сүйіп, өздеріңізді өздеріңіз тәрбиелеп, білім алып, азамат болсаңыздар, мемлекетіміздің тәуелсіздігі ұзақ та баянды болады.

Еркін КАРИН