$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Өскемендік ардагерлер Жеңістің 70 жылдығына арналған төсбелгі тағынды

AstanaTV
03.04.2015ж. 10:00
1051
Өскемендік ардагерлер Жеңістің 70 жылдығына арналған төсбелгі тағынды

Қарт майдангерлерге құрмет. Өскемендік ардагерлер Жеңістің 70 жылдығына арналған төсбелгімен марапатталды. Денсаулығына байланысты кейбірінің төсек тартып қалғаны болмаса, өскемендік ардагерлердің басым бөлігі әлі тың.

Марапаттау салтанатына келген қарттардың еңсесі биік. Ардагерлер «Елбасының атынан мұндай сый-құрметке ие болу біз үшін үлкен мәртебе»,- дейді. Қан майданнан аман оралған қарттар алдағы тойланатын Жеңіс мейрамын асыға күтіп отырғанын жасырмады.

Кездесуде ардагерлер соғыс жылдарындағы қиын-қыстау кездер жайлы әңгімелеп, бейбіт заманды бағалай білу керектігін айтты. Жиын барысында белгілі болғандай соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне мейрам қарсаңында ақшалай сыйақы берілмек.

Ал денсаулығына байланысты бас қосуға келе алмағандардар  өз үйлерінде марапатталады.

Самат ҚАНАҒАТОВ