$478.93 €534.96 ₽5.16
×

«Ислам мемлекетінің» серкесі Әбу Бәкір Әл-Бағдади неміс қызына үйленді

AstanaTV
03.04.2015ж. 13:00
1912
«Ислам мемлекетінің» серкесі Әбу Бәкір Әл-Бағдади неміс қызына үйленді

«Ислам мемлекетінің» серкесі Әбу Бәкір Әл-Бағдади неміс қызына үйленді. Әзірге анықталғандай, Еуропалық әйел Иракқа Сирия арқылы барған. Ирактың «Ас-Сумарийя» арнасы таратқан мәліметке сай лаңкестердің көсемі мен Германия азаматшасы Мосул қаласында неке қидырған.

Қауіпсіздік шаралары мықтап қолға алынғандықтан, бүгінде жас жұбайлардың қайда екенін ешкім де білмейді. Ал содырлар арасында бұл күндері Еуропадан барған  әйелдерге сұраныс жоғары болып тұр.

Исламшылдар жуырда бұл  туралы интернетте ақпарат жарияласа керек. Онда әйелдердің ұрыс аймағына қалай өтуіне болатыны жайлы мәлімет бар.  Германия билігі таратқан ақпарға сай «Ислам мемлекетінің» құрамында қазір 70 ке тарта неміс әйелі бар. Олардың тоғызы мектеп оқушысы
.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА