Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Қазақстанға Ресейден келетін ауыл шарушылығы тауарлары жақын арада шектелуі мүмкін

AstanaTV
03.04.2015ж. 13:00
1484
Қазақстанға Ресейден келетін ауыл шарушылығы тауарлары жақын арада шектелуі мүмкін

Қазақстанға Ресейден келетін ауыл шаруашылығы тауарлары жақын арада шектелуі мүмкін. Бүгін еліміздің Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков, үкіметаралық келісімдердің үшінші кезеңінің қорытындысы бойынша Ресей Қазақстанға экспорт көлемін қысқарту жөнінде міндеттемелер алу мәселесін қарастырып жатыр деп мәлімдеді.

Министрдің сөзінше, рубльдің девальвациясынан кейін ресейлік тауарлар арзандап, қазақстандық  құс, сүт өнімін өндірушілер айтарлықтай қысым көріп отыр. Алайда министр, Ресей міндеттемелерді өз мойнына алған күнде шектеу қандай мерзімге және нақты қашан енгізілетінін нақтыламады.

Асылжан Мамытбеков Ресей тарапынан шешім қабылдауда созбалық барын жасырмады.

Асылжан Мамытбеков, ҚР Ауыл шаруашылық министрі:

Екі елдің арасындағы тауарлардың балансын жасадық. Сондай келісім бар. Бұрынғы деңгейден, орташа деңгейден артық тауар жібермеу туралы Ресей өзіне міндеттемелер алмақшы. Қазір оған дайындық жұмыстары  әлі де жүріп жатыр.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ