Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қазақстанда халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған әлеуметтік желі ашылды

AstanaTV
06.04.2015ж. 10:00
1803
Қазақстанда халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған әлеуметтік желі ашылды

Қазақстанда халықтың қаржылық сауатын арттыруға арналған әлеуметтік желі ашылды. Онда мүлікті заңдастыру, бухгалтерлік есеп, аудиторлық қызмет, салық, кедендік заңнамаға және электрондық сатып алуларға қатысты кең көлемді ақпар жарияланған.  Сондай-ақ, нормативтік-құқықтық актілерге қатысты білікті түсініктемелер берілген.

Бұл туралы журналистермен кездесуде «Еуразия» халықаралық экономикалық академиясының академигі Ольга Яновская мәлімдеді. Айтуынша, 1ссс.kz сайты қаржылық заңнама мәселесімен қызығатын жастардың, кәсіпкерлердің және салық төлеушілердің біліктілігін арттыруға арнайы әзірленген.

«Енді туындаған түйіткілді сұрақтарға жауап алу үшін
, қаржы органдарының табалдырығын тоздырудың қажеті жоқ. Бар болғаны сайтта тіркеліп, мазалаған сауалын қойса болғаны», - дейді Ольга Яновская.

Ольга Яновская, «Еуразия» халықаралық экономикалық академиясының академигі:

Арнаулы әлеуметтік желіде пайда болған өзекті сауалдар  зерттеледі. Оларға жауаптарды форум, онлайн-конференция, тренинг, мастер-класс және семинар түрінде тізбектеп бермекшіміз. Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ мүшесі болып табылады. Осы орайда кәсіпкерлерде нормативтік-құқықтық актілерге қатысты сауалдар туындауы мүмкін. Біздің желі осы мәселелерді шешуге арналған. Алдағы уақытта желіні қазақ, армян және қырғыз тілінде қолдануға болады. 

Жұрағат БАМАН