Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Таразда балабақшаға есек еті жеткізіледі деген дерек тексеріліп жатыр

AstanaTV
03.04.2015ж. 20:00
1381
Таразда балабақшаға есек еті жеткізіледі деген дерек тексеріліп жатыр

Тараздағы балабақшаға арам ет жеткізілгені рас па? Әлеуметтік желілерде жарияланған әуесқой бейнежазба кешелі бері интернет қолданушыларды дүрліктірді. Әлдекімнің телефонына түсірілген жазбада белгісіз жануардың ет-терісін балабақшаға тасып жатыр. Таспа авторы «бұл ет - есек еті ме?» деген күдігін жасырмаған.  Сондағы сүйенгені - видеоға түсірілген малдың басы. Бір қарағанда, ол есектің басына ұқсайды. Алайда, балабақша басшылығы деректі жоққа шығарды. Олар етті арнайы тапсырыспен Байзақ ауданындағы шаруа қожалығынан алдыратындарын мәлімдеді.

Үсен Исабаев, жеке балабақшаның құрылтайшысы:

Біз садикте тек қана сиырдың не болмаса бұзаудың еттерін аламыз, онымен біз жеке кәсіпкерлермен келісімшарттарымыз бар. Мына кісілердің жасаған съемкасына, мен осының иесі ретінде, ол кісімен келіспей, жоғарғы құқық қорғау органдарына хат жазып, бұны аяғына дейін алып барамыз.

Тиісінше, құқық қорғау орындары да бұл істің ақ-қарасын ажыратуға кіріскен. Тараз қалалық прокуратурасы тексеру барысында бейнежазба 30 наурызда түсірілгенін анықтаған. Десе де, оқиға жұрт назараны ілінгендіктен, ветеринарлық бақылау комитеті балабақша тоңазытқышын мөрлеп тастады. Енді ондағы ет өнімдері, тексеріс бітпей, пайдаланылмайды. Бірақ видеоны байыппен қарасақ, көлікте жатқан бас бұқаның басы екенін байқауға болады.

Асқар Түйтебаев, Тараз қалалық бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторы:

Біз «Анет-а» деген детсадқа барып, пищеблогын тексердік. Соның ішінде 100 килограмм ет бар екен тоңазытқыштың ішінде. Содан зертханаға тексеру үшін сынама алдық. Сол сынаманы тексерген соң, нәтижесі шығады. Бір 5 күннен кейін шығады. Сол кезде осы тексеріс нәтижесін айтамыз.

Данияр ӘЛІМҚҰЛ 

Алдыңғы жаңалық

Келесі жаңалық