Атыраудың орта білім беру ұйымдарында миллиардтаған қаржы негізсіз жұмсалып келген. Қаладағы 54 мектептің 16-сына тексеріс жүргізген облыстық комиссия арнайы жиын өткізіп, осындай қорытындыны жариялады.
Бөлінген 5 млрд 668 млн теңгені 16 мектептің қалай
пайдаланғаны тексеріле келе, оның 1 млрд 113 млн теңгесінің, игілігін көре
алмай отырғандары мәлім болды. Олардың арасында бюджет қаржысына алынып, бірақ пайдаланылмай тұрған мүліктерді де анықтаған.
Қалада бір мектепке сатып алынған химия пәнінің толықтай жабдығы шаң басқа күйі қоймада сақталып келген. Оқулықтар, интерактивті тақталар, компьютерлер, лингофондар, асхана жабдықтары оқушылардың игілігіне жаратылмаған.
Жиында қаржыны пайдалану ғана емес, білім беру сапасы да төмендегені сөз болды. Мәселен, тексерілген 16 мектептің, әр екінші оқушы ҰБТ сынағынан өте алмаған.
Батырбек Қаманов, Атырау облыстық білім беру саласын тексеру коммиссиясының мүшесі:
Жиілік қаржы бұзушылар еңбекақыны есептеу, төлеу барысында еңбекақыны артық төлеу, негізгі құралдарды сатып алу барысында бюджет қаржысын тиімсіз жұмсау, мемлекеттік сатып алу заңдылықтарын бұзу. 2012-2013 жылдары конкурстық балл 50-ден жоғары алғандар 80 пайыз болса, соңғы 2014 жылы 31,5 пайызға төмендеді. Яғни екі баланың бірі ҰБТ-дан өте алмады, 50 баллдан кем жинап отыр.
Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ