Атырауда
барымташылар ауылдасының бір үйір жылқысын
ұрлап, сатып жібермекші болған. Жайылымда жүрген 15 жылқысының жоғалғанын білген, Атырау қаласы
маңындағы Бірлік кентінің тұрғыны бірден құқық қорғаушыларға хабар беріпті.
Жедел-іздестіру тобы жылқыларды аталған кенттің шетіндегі иесіз жатқан құрылыс
ішінен тауып, ұрыларды 3 күн бойы күткен. Қарақшылар жылқыларды саудалап жатқан жерінен ұсталды.
Ол бұдан бұрын да бірнеше рет ұрлықпен сотталған 26 жастағы ауылдасы болып
шықты.
Бұл жолы қасына жиені мен қала шетіндегі Курилкин селосының 31 жастағы
тұрғынын ілестіріпті. Қазір күдіктілерге
қатысты тергеу-тексеру амалдары басталған.
Гүлнәзира
Мұхтарова, Атырау облыстық ІІД баспасөз хатшысы:
Қолды
болған жылқыларды сату үшін олар бірнеше күн бойына тұтынушылар іздеп тапқан.
Ұсталғандар уақытша оқшаулар орнына қамауға алынды. Оларға қатысты ҚР ҚК 188 бабымен
қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексерілуде.
Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ