$457.29 €490.35 ₽5.97
×

АҚШ Израильдің қауіпсіздігіне жауап береді

AstanaTV
06.04.2015ж. 10:00
1214
АҚШ Израильдің қауіпсіздігіне жауап береді

АҚШ Президенті Барак Обама Иран ядролық бағдарламасы бойынша жасасқан келісімді жақтап, Израиль қауіпсіздігіне жауап беретінін айтты. «New York Times»-ке берген сұхбатында, ол Тель-Авивті барынша сабыр сақтауға шақырды.

Оның пайымынша,  келісім салдарынан Израильдің босаңсуы байқалса, ол Америка сыртқы саясатының күйрегені. «Бұл тек қана стратегиялық емес, моральдық та күйреу»- деп қосты ол. Жалпы, Барак Обама Иран мен «алтылықтың» келісімін жақтап отыр.

«Иранның жаңа қаруды ойлап шығаруының алдын алдық. Бұл тек қана саяси жолмен жүзеге асуы мүмкін еді. Осы шектеулерді біз әдейі енгіздік, десе де Израильдің үрейленетіндей себептері бар», деді АҚШ басшысы.

Сондай-ақ,  Израильге қандай да қауіп төнсе, Америка Израилді қолдайтынын Иран тарапына ашық түрде жеткізді.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА

 

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах