$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«Zika» вирусы, тұмауға байланысты ахуал

AstanaTV
06.02.2016ж. 20:00
2577
«Zika» вирусы, тұмауға байланысты ахуал

Қазір әлемде «Zika» деген вирус таралып, Дүние жүзілік Денсаулық сақтау ұйымы вирусты адамзатқа төнген қатер деп жариялады. Үндістан ғалымдары «вирусқа қарсы дәрі ойлап тапқан сияқтымыз» деп мәлімдегенімен, алдын-алатын, ауыздықтайтын препарат қолданыста жоқ. Латын Америкасы елдерінде тез таралып жатыр. Осы аптада АҚШ-та «Zika» вирусының адамнан адамға жұғатыны дәлелденді – жыныстық қатынас арқылы. Жазда Бразилияда Олимпиада ойындары өтетінін ескерсек, расында әлемге жайылу қаупі бар. Масалар тасымалдайтын  вирустан адам өле қалмайды. Бірақ әсіресе аяғы ауыр әйелдер жұқтырса, басы кішкентай, миы зақымданған бала тууы мүмкін. Микроцефалия деген ауру. Бразилия, Олимпиадаға жүкті әйелдерге келмеуге кеңес береді. Өздерінде соңғы айларда түрлі ауытқуы бар балалар туылып жатқанын жасырмайды. Аналары «Zika» вирусын жұқтырған. 3 адамның тап осы вирустан өлгені расталды. Ресей басылымдарының жазуына қарағанда, вирусты тарататын Оңтүстік Америкадағыдай масалар Сочи, Адлер, Туапсе, Абхазияда бар екені анықталған. Бұл біліп жүруіміз тиіс ақпарат. Ал қазір грипп, тыныс алу жолдарының қабынуы сияқты маусымдық ауруларға байланысты – Украина мен Ресейде ахуал алаңдатарлық екені мәлім. Мәселен, Интерфакстың хабарлауынша, 2015 жылдың қазанынан 2016 жыл, ақпанның  басына дейін Украинада 3,3 млн адам ауырып, тұмау асқынуынан 185 адам көз жұмған. Ал Ресей Денсаулық сақтау министрлігі жыл басталғаны кеше, 27 адамның доңыз тұмауынын ажал құшқанын мәлімдеді. –Елдегі жағдай қалыпты, алаңдатарлық емес- дейді біздің шенеуніктер. Дүрбелең туғызбау керек – бар мәселе, сақтану, күтіну, шынығуда. Құралай Пионер жалғастырады.

 Ел ішінде тыныс жолдары арқылы жұғатын вирустық-бактериялық аурулар дендеп тұр. Биыл әсіресе, дерттің ең қауіпті формасы саналатын - «H1N1» штаммы қайта шықты. Ел арасында ол – «доңғыз тұмау» деген атауға да ие. Ресми есепке қарағанда, дәл осы доңыз тұмауына Қазақстан бойынша 6 00 адам шалдығып үлгеріпті. Бұған дейін мұндай аурудың мұншалықты ұшқыны елде  болып көрмеген еді. Әрине, қауіптенетіндей жағдай. Оның үстіне, 21-ақпанда аты жаман бұл вирустан «Қарағандыда жүкті әйел қайтыс болды» деген ақпардың да тарағаны бар. Тіпті оны Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова растаған еді.

Тамара Дүйсенова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі:

Та женщина, которая попала к нам в родильное отделение, значит не прошла вакцинацию. Свиной грипп нужно понять, он опасен. По этому как начинаются симптомы группа, мы уже известили  везде, прошу всем обращаться к врачам!

 Сөйтсек, Тамара Дүйсенова сөзден жаңылысқан екен. Басшыларының қате ақпарат бергенін айтып, кейін Қарағандының денсаулық сақтау басқармасы дабыл қақты. 33 жастағы Сәуле Ақпанованың өліміне «H1N1» емес, «H3N2» себеп болған. Бұл тұмаудың өкпе қабынуына әкелетін түрі. Әрі вирусты жұқтырған келіншек дәрігерлік көмекке де кеш жүгініпті. 

 Гүлбан Мамалинова, Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары: 

Диагнозы бактериалдық-пневмония. Оны түскен күні қойдық. Себебі ол вирустың асқынуын вирусологиялық тәжірибеханада 23-қаңтарда белгілі болды. Бір өкініш – жүкті әйел ауырғаннан кішкене кеш түскен. Ауруы асқынуда болады.  

Ал жалпы биыл тұмаудың асқынуы лабораториялық тұрғыдан 745 адамда анықталса, оның 101-нікі бактериалдық-пневмонияға ұласқан екен. Бір өлім бар.

320 мыңы – жедел респираторлық вирустық инфекцияға шалдыққан. Әсіресе, қауіп Ресеймен шекаралас аймақта басым. Себебі осы қыста көрші ел мен Украинада доңыз тұмауынан 200-ге жуық адам ажал құшқан. Қазір бұл мемлекеттерде тіпті маска тапшы жерлер бар екенін жұрттар әлеуметтік желілерде жазып, көрсетіп жатыр. Сондықтан сақтық шарасы бізде де екі есеге күшейтіле түскен. Мәселен, Алматыда қоғамдық көліктерге дейін жаппай тазаланып жатыр. Тіпті метроның да іші-сырты түгел сүртілуде.

Гүлнәр Сатыбалдиева, «Метрополитен» КМК Бас дәрігері:

Бүгінде «Метрополитеннің» қаңтар айында 98 қызметкері сыртқаттануына байланысты демалысқа шықты. Олардың барлығында тұмаудың жеңіл түрі тіркелген. «H1N1» вирусы шыққан жоқ. Метро күнінен мыңдаған адам кіріп-шығатын жер, сондықтан  осылай жиі  санитарлық тазалық жасап тұрамыз.

Ал Өскеменде тіпті арнайы дәрігерлер бригадасы құрылып отыр. Ол тек тұмау симптомдары бар науқастарға барады. Шақыртулар саны да артқан. Қазір тәулігіне жедел қызмет 700-ге дейін қоңырау қабылдайды.

Татьяна Лозовая, Өскемен қалалық жедел-жәрдем қызметінің дәрігері:

34 жедел бригадасы тәулігіне 24 сағатқа жұмыс істеп жатыр. Бірақ қазір  елді үрей басқандай. Ондай қорқынышқа, күдікке бой алдырмау керек.

Тобыл өңірінің жұрты да үрейге бой алдырған. Өйткені доңыз тұмауын 33 адам жұқтырған. Қазір Қостанайда мектеп пен медициналық мекемелерде жаппай дәке тағу тәртібі енгізілген.

Сәуле Бәйменова, Қостанай облыстық Тұтынушылар құқын қорғау департаменті басшысының орынбасары:

2015 жылдың қазан айынан бастап биылғы эпидемиологиялық  маусымға дейін облыс бойынша 26 мың жіті респературалық вирустық инспекциялар жағдайы тіркелген.Оның ішінде 33 адам  тұмауға шалдыққан.Былтырғы жылмен салыстырғанда биыл ауырған адамдардың саны кішкене көбірек.

Елена Афанасьева, «Фармаком импэкс» ЖШС дәріханалар желісінің директоры:

Біздің дәріханада тұмауға қарсы дәрі-дәрмектердің түр-түрі бар. Маска да, оксалин жақпасы да толып тұр.

Мамандар биылғы қыстың біршама жылы болуына қарап, вирустық-бактериалдық аурулар әл бермей кете ме деп, сескенген-ді. Ең бастысы, доңыз тұмау эпедимияға ұласқан жоқ. Дегенмен жедел респираторлық вирустық инфекцияға шалдыққандар саны көп.

Айгерім Қуатаева, Астана қаласының тұрғыны:

Үлкен ұлым ауырып қалды, кешеден бері ыстығы көтеріліп. Дәрігерге қаралуға келдік.

Раиса Құсайынова, Астана қаласының тұрғыны:

Аздап ауырып қалдым, екі күн болды – әлсіреп, ыстымғым да көтеріліп кетті. Мұндай халмен жұмысқа да барған дұрыс емес. Қорқасын ғой, сондықтан бірден емханаға келіп тұрмын.

Әрине, мұндайда ең дұрысы – дәрігерге қаралу. «Шақыртуға сағаттап, тіпті тәулік салып келмейді» деген шағымдардың көп екені рас. Және ондай шағымды еріккеннен айтпайтыны да шын. Күйгеннен. Алайда бәрібір сабыр сақтап, кәсіби кеңес алған керек. Себебі науқастардың дені тұмауды өз бетімен, үй жағдайында емделемін деп асқындырып алып жатады.

Бейбітгүл Жарысбаева, Астана қаласының №9 емханасының бөлім меңгерушісі:

Тұмаудың бір ерекшелігі – тез таралады. Вирусы тез көбейеді және көптеген асқынулар береді. Жүрек, бүйрек, өкпе ауруларына. Созылмалы ауруларды да қоздырып жібереді. Тұмаудың 3 түрі бар – А, В, С деген.  Доңыз тұмауы - «H1N1» жатады. Айырмашылығы ол өте тез тарайды. Және асқынуларды көп береді. 9-шы емханада әлі бірде-бір тұмау тіркелген жоқ.

Құралай Пионер, тілші:

Тұмау да қауіпті вирустық-бактериалдық аурудың бір түрі. Бірақ одан қорғануға болады. Ол үшін қолыңызды жиі жуып, дұрыс тамақтанып, жылы киініп, ең бастысы – маска тағып жүргендеріңіз абзал!

Тамақтану демекші – көбіне сұйық ас ішуге кеңес беріледі. Сондай-ақ, сарымсақ бен жуадан тәм татып тұруды ұмытпаңыз. Көпке ұнай қоймағанымен, вирусқа қажетті жақсы қару. Әрине, тазалық та қажетті талаптың бірі. 

Майра Рысбаева, эпидемиолог-дәрігер:

Үйде болған жағдайда жедел желдеткішті ашып, ауаны тазартып, әлсін әлсін тазартып, қазір дизинфециялық құралдар жеткілікті. Отырған орныңызды, столыңызды, тамақ ішетін жеріңізді мезгіл-мезгіл сүртіп, қолыңызды жуып тұрыңыз.

Дегенмен дәрігерлер қыста қаптайтын вирустан сақтанудың басты жолы деп – екпені атайды. Биыл Қазақстан бойынша 2 млн-ға жуық адам ғана арнайы вакцина салдырған екен. Әрі спортқа ден қойған абзал.  

Бейнеқыстырма: Спортпен  шұғылданып жатқан адамдар

Құралай Пионер, Ерасыл Құрманғалиев, Біздің уақыт.