$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Қарағандыда бағалы тастар көрмесі өтуде

AstanaTV
06.04.2015ж. 13:00
2107
  Қарағандыда бағалы тастар көрмесі өтуде

Табиғаттың бəрі құнды. Қарағандыдағы экологиялық мұражайда бағалы тастар мен тау минералдарының көрмесі өтті. Жергілікті коллекционерлер қалалық тұрғындар назарына жылдар бойы жинаған жүздеген тас кесектерін ұсынды.

Түрлі-түсті лағыл, жақұт пен тау хрустальі, рубин, нефрит секілді минералдар. Əдетте табиғаттың сыйын əшекей бұйымдардан көріп, бағалайтын қала тұрғындары үшін бұл тосын жаңалық болды. Өйткені, мұндағы тастар еш өңделмеген, нағыз табиғи күйінде ұсынылған.

Сондықтан олар көзге өзгеше көрінеді. Бұл жергілікті геологтардың жылдар бойы жинап, сақтағандары. Ұйымдастырушылар осылайша адамдарды туған жердің байлығын бағалап, сақтауға шақырады.

Коллекционерлер тастардың басым бөлігін алысқа бармай-ақ, Қарағанды облысының аумағынан теріп алғандарын айтады.

Аңсар Қапан:

Мен табиғат пен тастарды жақсы көрем. Əдемі тастар көп екен. Қызыл, күлгін, жасыл тастарды көрдім.

Айжан ҚУАШ