$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Бақытжан Қажиев: «Елімізде электр энергиясы құнының әр алуандығына жергілікті компаниялар жауапты»

AstanaTV
06.04.2015ж. 13:00
1220
Бақытжан Қажиев: «Елімізде электр энергиясы құнының әр алуандығына жергілікті компаниялар жауапты»

Электр желілерін басқарушы «КЕГОК» компаниясының басшылығы, өңірлерде қуат көзіне белгіленген бағаның әр алуандығына қатысты түсінік берді. Бақытжан Қажиевтің сөзінше, КЕГОК компаниясының баға саясаты Қазақстан бойынша бір қалыпты.

Компанияның табысы бекітілген қуат құнының 10 пайызын ғана құрайтын көрінеді. Бір елдің ішінде түрлі бағаның орнауы - жергілікті кәсіпорындардың энергия тасымалдауға жұмсаған шығыны мен өзге де бірқатар себептерге орай бекітіледі - дейді Қажиев.

Бақытжан Қажиев, «KEGOС» АҚ Басқарма төрағасы:

Мына электр энергиямен қамтамасыз ететін мекемелер өздері әр электр өндіруші компаниялардан электр энергиясын сатып алуға мүмкіндік бар. Соған қосымша қосылатын тасымалдау қызметтері, және РЭК-тердің қызметі қосылады, сонымен тұтынушылардың жалпы бағасы болып шығады.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ