Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Грекияның Халықаралық Валюта қорына аударар қаражаты жоқ

AstanaTV
06.04.2015ж. 13:00
1066
Грекияның Халықаралық Валюта қорына аударар қаражаты жоқ

Грекия халықаралық валюта қорына кезекті төлемін бейсенбіде аударады. Елдің қаржы  министрі Янис Варуфакис пен халықаралық валюта қоры ұйымының үйлестіруші директоры Кристин Лагард осындай келісімге келді.

Лагардтың айтуынша, қор Грекия экономикасының оңалып кетуіне жағдай жасауға дайын. Бұған дейін Афина Еурокомиссия тарапына кезекті несие траншын алу үшін қайта есептелген реформаны әзірлеп, таныстырған.

Болжам бойынша, реформа ел экономикасына 6 миллиард еуро көлемінде кіріс әкелуі тиіс. Наурыз басында ел Халықаралық Валюта Қорының есебіне 310 миллион еуро аударған. 9-шы сәуірге дейін мемлекет қорға тағы 450 миллон еуро аударуға тиіс.

Бірақ, Үкіметте мұндай ақша жоқ деген сөз шықты.  

Янис Варуфакис, Грекия қаржы министрі:

Біз Халықаралық валюта қорының үлестіруші директорымен Грекия реформасы жайында тұшымды сұхбат жүргіздік. Екі тарап арасындағы серіктестік - ортақ мүдде деген шешімге келдік.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА