$478.96 €533.03 ₽5.22
×

Теміртаудағы түнгі клубта болған төбелеске қатысты тың деректер жария болды

AstanaTV
06.04.2015ж. 20:00
1416
Теміртаудағы түнгі клубта болған төбелеске қатысты тың деректер жария болды

Бір адамның өмірін жалмаған Теміртаудағы атыс оқиғасына қатысты жаңа деректер жарияланды. Облыстық ІІД өкілдерінің мәлімдеуінше, қайтыс болған жігіттің болған жағдайға орай еш кінәсі жоқ, жанжалды марқұммен бірге келген танысы шығарған.

Қазір осы оқиғаға қатысы бар азаматтардан жауап алынуда. Құзырлы органның дерегіне сенсек, атыс жексенбіге қараған түні қаладағы түнгі клубтардың бірінде болған. Әзірге, Қылмыстық кодекстің 99-бабы, яғни адам өлтіру дерегімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлердің айтуынша, клубқа келген жастардың бірі суық қару бар-жоғын тексеру кезінде, осы тексеріске наразы болып, жанжал шығарған. Күзетшіге қарай травматикалық тапаншадан бірнеше рет оқ атады. Салдарынан күзетші жараланып, қасындағы серігіне де оқ тиген.

Бақытжан Құдияров, Қарағанды облыстық ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы:

Оқиға барысында күзетшілердің бірі жарақаттанып, ал келушілердің біреуі ауруханаға жеткізгенде, қайтыс болған. Оқиға мүшелерінің барлығы ұсталды. Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Айжан ҚУАШ