$499.51 €525.83 ₽4.62
×

Былтыр азық-түлік импорты 6 пайызға,оның ішінде Кеден одағы елдерінен келетін импорт 10 пайызға төмендеген

AstanaTV
06.04.2015ж. 20:00
1812
Былтыр азық-түлік импорты 6 пайызға,оның ішінде Кеден одағы елдерінен келетін импорт 10 пайызға төмендеген

Қазақстанда былтыр алғаш рет азық-түлік импорты 6 пайызға, оның ішінде Кеден одағы елдерінен келетін импорт - 10 пайызға төмендеген. Бүгін Президент қабылдауында болған Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков осыны мәлімдеді.

Министр оңтүстікте егін егу жұмыстары басталғанын, солтүстік облыстарда науқанға дайындық жүріп жатқанын айтты. Жанар-жағармай жеткілікті және шаруаларға республикалық бюджеттен 60 миллиард теңге көлемінде несие берілгенін мәлімдеді. Көктемгі егіс науқанын сапалы әрі уақытылы жүргізу қажеттігін тапсырған президент, азық-түлік импортын қысқарту мәселесіне де айрықша тоқталды. Бүгінде сырттан жеткізілетін ауыл шаруашылығы шикізаты мен өңделген өнімдердің көлемі 4 миллиард долларды құрайды. Соның 1 миллиардқа жуығы елімізде өндірілмейтін тауарларға тиесілі. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Алманы да көбейтуге болады, құстың етін көбейтуге болады. Шұжық 55 пайызын өзіміз шығармыз. Еттің 84 пайызы өзімізде. Қой еті, жылқы еті, жұмыртқа, бидай, нан - негізгі тамақтар өзімізде. Осыны қарап әрі қарай. Содан кейін екінші мәселе - өңдеуді көбейтіп, ауыл шаруашылығы өнімінің бағасын көтеру керек.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ