Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Маңғыстау облысындағы Құрық портында паром кешенінің құрылысы басталды

AstanaTV
06.04.2015ж. 20:00
1181
Маңғыстау облысындағы Құрық портында паром кешенінің құрылысы басталды

Маңғыстау облысындағы Құрық портында жаңа паром кешенінің құрылысы басталды. Ол еліміздегі көлік-логистикалық жүйесінің ажырамас бөлігіне айналмақ. Кешен жүкті вагондардан түсірмеген күйі басқа Каспий елдеріне және Еуропаға тасымалдауға мүмкіндік береді. Халық тұтынатын тауарлар, мұнай өнімдері мен астық, түрлі химикаттар артылып, жөнелтіледі. Жобаны жүзеге асыру үшін 32,7 миллиард теңге қажет.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары:

Бүгін біз сіздермен өте үлкен оқиғаға куә болып отырмыз. Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Құрық портының паром кешенінің құрылыс жұмыстарының басталуына куә болып отырмыз. Құрықты бүгін құрықтап отырмыз өздеріңізбен бірге.

Бүгінгі таңда «Боржақты - Ерсай» теміржол желісінің құрылысы жалғасып жатыр. Ол әуелі паром құрылысына қажетті материалдарды тасымалдау үшін пайдаланылады. Ал келешекте Каспий теңізінде мұнай операцияларын жүзеге асыруда маңызды нысанға айналмақ. Құрылыс жұмыстарын келесі жылдың соңына қарай аяқтау жоспарланып отыр.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА 

Алдыңғы жаңалық