$533.61 €621.07 ₽6.78
×

АҚШ-та Джохар Царнаевтың ісіне қатысты сот процесінің тағы бір кезеңі басталды

AstanaTV
07.04.2015ж. 13:00
1160
 АҚШ-та Джохар Царнаевтың ісіне қатысты сот процесінің тағы бір кезеңі басталды

«Бостон марафонындағы лаңкестік әрекет аса салқын қандылықпен, әрі дәлме-дәл есеппен жасалған. Царнаевтың бар ойы –«Американы жазалау» болған». АҚШ-та Джохар Царнаевтың ісіне қатысты өткен сот процесінде  прокурордың көмекшісі Алок Чакраварти осындай мәлімдеме жасады.

Бұл жөнінде Рейтерс хабарлайды. Енді қорғаушылар тобы тыңдалуы тиіс. Содан кейін алқа билер өз үкімін шығарады. Царнаевтың кінәсі дәлел тапса, сот жазалау шарасын белгілеуге көшпек. Айта кетейік, айыпталушының адвокаты алқа билер алдында Царнаевтың өз кінәсін толықтай мойындап отырғанын айтқан болатын.

Оған 30-дан астам айып тағылған және ол өлім жазасына кесілуі мүмкін. Еске салайық, Бостондағы теракт 2013 жылдың сәуірінде болған. Жарылыстан үш адам мерт болды, 260-қа жуық адам түрлі жарақат алды.

Жұрағат БАМАН