Барак Обама Израилдің Иранмен
ядролық келісім бойынша ұсынысынан бас тартты. «Израиль билігі Иранның өзін
мемлекет ретінде мойындауын талап еткені белгілі. Тек Тегеранмен арадағы
ядролық бағдарламаға қатысты келісімді, мұнымен байланыстыруға болмайды» - деді
АҚШ президенті.
«Иранмен келісім тек олар Израильді мемлекет ретінде мойындаса
ғана қабылданады деу, бұл қисынсыз әңгіме» - деді Барак Обама. Айта кетейік,
өткен жұмада Израиль премьері Нетаньяху «Иранның ядролық бағдарламасына қатысты
әзірленіп жатқан келісімде, Ислам республикасының еврей мемлекетін мойындауы керектігі
ескерілуі тиіс» деген болатын.
Еске салсақ, 2 сәуірде Лозаннада «Алтылық» пен Иран
ядролық бағдарламаға байланысты ортақ шешімге келген.
Жұрағат БАМАН