Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Атырауда пәтер тонаумен айналысқан қарақшылар ұсталды

AstanaTV
07.04.2015ж. 13:00
1177
Атырауда пәтер тонаумен айналысқан қарақшылар ұсталды

Атырауда пәтер тонаумен айналысып келген қарақшылар тобы қолға түсті. Бұл жөнінде облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарова хабарлады. Құзырлы орган өкілінің дерегіне сенсек, күдіктілердің екеуі Құлсары қаласының азаматтары.

Ал тағы біреуі Қызылорда облысының тұрғыны. Топтасқан үшеу  наурыз айының 13 мен 18-і аралығында, Құлсары қаласындағы 13 пәтерді тонаған.Тергеу кезінде анықталғандай, күдіктілер  Арал қаласының тағы бір тұрғынын ертіп, 2012-ші жылы  Қызылорда қаласында бір кәсіпкердің үйіне ұрлыққа түскен.

Ол кезде 71 миллион теңгенің затын алып кеткендері белгілі болып отыр. Күдіктілерден айғақ зат ретінде алтын, гаухар әшекей бұйымдары, бағалы заттар мен киім-кешектер, тіпті бұрағыш секілді құралдар да тәркіленген.

Гүлнәзира Мұхтарова, Атырау облыстық ІІД Баспасөз қызметінің жетекшісі:

Айғақ заттардың кейбіреулері Қызылорда облысы мен Құлсары қаласында табылып тәркіленді. Бірақ көптеген зергерлік бұйымдардың иелері әзірге анықталған жоқ. Жедел іздестіру шаралары одан әрі жалғасуда. Қосымша ақпараттардың анықталуы мүмкін деген ойымыз бар. Күдіктілер уақытша оқшаулау орнына қамауға алынып, қылмыстық іс көтеріліп, тергелуде.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ