$525.87 €614.37 ₽6.72
×

Тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан сарбаздарға Шымкентте ескерткіш қойылды

AstanaTV
07.04.2015ж. 13:00
3063
Тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан сарбаздарға Шымкентте ескерткіш қойылды

Шымкентте 1995 жылы тәжік-ауған шекарасында қазақ тапқан 17 сарбазға арналған ескерткіш-монумент орнатылды. Бұл шара шекарадағы  қаралы оқиғаға 20 жыл толуына орайластырылған. Биіктігі үш  метр болатын ескерткіш тақтаға 17 сарбаздың есімдері қашап жазылған.

Монументтің құны 4 млн теңгені құрайды. Оған қажетті қаражатты демеушілер мен марқұмдардың туыстары және әскерилер жинап берген. «7-ші сәуір әскер тарихына өшпес із қалдырған өлшеусіз ерліктің күні болып саналады»,- деді жиынға қатысушылар.

1993-1999 жылдар аралығанда ішкі әскердің 2 мыңнан астам сарбазы тәжік-ауған шекарасын күзетуге қатысты. Тау шатқалдарының бірінде 7-сәуір күні болған қарулы қақтығыста 17 қандасымыз  қаза тауып, 33-і ауыр жараланды.

Қазақ жауынгерлерінің ерлігі еленіп, 2007 жылы  Душанбеде  арнайы монумент орнатылған еді. Ал елімізде мұндай ескерткіш бұған дейін Астана мен Петропавл қалаларында қойылған.

Мұхаметқали Сатов, ҚР Ұлттық ұланы бас қолбасшысының орынбасары:

Мен айтар едім, бұл жауынгерлер босқа барған жоқ. Олар өздеріне жүктелген міндетті орындады. Өйткені дәл сол кезде Тәжік халқына көмектесіп, шетелдегі экстремизм мен терроризмнің алдын алуға сеп болды.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ