Еліміздің солтүстік өңірлерінде
су тасқынының алдын алу шаралары басталды. Бүгін елорда әуежайына Алматыдан
МИ-26 тікұшақтары келіп қонды. Әуе кемелерімен 19 құтқарушы, екі авариялық-құтқару
автомобилі, жүзу құралдары және мотопомпалық техникалар жеткізілді. Олар су
тасқыны қаупі бар Қарағанды, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы
төтенше жағдайлар құрылымдарының құтқару топтарын күшейту мақсатында
жіберілген. Бүгінде төтенше жағдайлар комитетінің суда құтқару, өрт сөндіру
қызметтері және Ұлттық гвардия жасақтары жоғары әзірлік үстінде.
Айта кетейік,
Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың бұйырығымен, аталмыш үш облыста су тасқынының
өршуіне уақытылы ден қою мақсатында, төтенше жағдайлар комитетінің 1473
қызметкері жұмылдырылған. Сондай-ақ, 205 бірлік техника, 53 бірлік жүзу
құралдары бөлінген.
Серік Қапаров, «Қазавиақұтқару»
АҚ бас директоры:
Күннің тез жылуына байланысты, биыл
қар өте көп жауды. Сондықтан су тасқыны болуы мүмкін. Біз Алматыдан осы жаққа
үлкен үш тікұшақты алып келдік. Біреуін жолда Қарағандыда қалдырдық та, осында
қазір ең үлкен тікұшақтармен келіп отырмыз. Тағы тікұшақтарымыз Петропавлда, Көкшетау, Павлодар,
Қызылорда және Атырауда тұр.
Жұрағат БАМАН