$462.36 €493.48 ₽5.99
×

Анкара Ираннан көгілдір отынды жеңілдікпен алуға ниетті

AstanaTV
08.04.2015ж. 10:00
811
Анкара Ираннан көгілдір отынды жеңілдікпен алуға ниетті

Анкара Ираннан көгілдір отынды жеңілдікпен алуға ниетті. Түрік тарапы ирандық газды Еуропаға өз территориясы арқылы тасымалдауды ұсынбақ, әрі арзан отынды өздері де пайдаланбақ. Бұл мәселе Түркия президенті Реджеп Тайип Эрдоганның Иранға ресми іс-сапары барысында көтерілмек.

Айта кетейік, Түркия басшысының ядролық бағдарламаға қатысты Иран мен «алтылық» қабылдаған келісім-шарттан кейінгі, бұл-алғашқы шетелдік сапары. Түркия Сыртқы істер министрі Танер Йылдызтың айтуынша, газ тасымалы мәселесі мамырға дейін реттелуі тиіс және Анкара Тегераннан 25 пайыздық жеңілдік сұрап отыр.

Әсем МҰХИТОВА 





orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах