Бостон терактісіне айыпты деп танылған ағайынды
Царнаевтардың кішісі, Джохар Царнаевтың ісі бойынша шешуші сот отырысы келесі
аптада басталуы мүмкін,- деп хабарлайды ИНТЕРФАКС.
Кезекті сот тыңдауында, аталған іс бойынша төрелік ететін
қазылар алқасы Джохар Царнаевты өлім жазасына кесу немесе өмір бойына бас
бостандығынан айыру шешімін қабылдамақ. 12 қазыдан құралған алқа билер Джохар
Царнаевты 2013 жылдың 15 сәуірінде Бостонда болған лаңкестік оқиғаға қатысты,
30 бап бойынша кінәлі деп таныды. Солардың ішіндегі 17 айып бойынша
тағайындалатын жаза - ауыр.
Еске салайық, Бостон марафоны кезіндегі жарылыстан 3 адам
көз жұмып, 260-тан астамы жарақаттанды. Терактіден кейінгі арнайы операция
кезінде ағайындылардың үлкені Тамерлан өлтіріліп, Джохар Царнаев ұсталған-ды.
Джохармен бірге айыптылушылар қатарында қазақстандық студенттер - Азамат
Тажаяқов пен Диас Қыдырбаев бар.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ