Қызылшаға қарсы екпе осы уақытқа
дейін арнайы орталықта тексерілмеген. Алматыдағы дәрі-дермектерді сараптамадан
өткізетін ұлттық орталық мамандары осындай мәлімдеме жасады. Орталық
қызметкерлері дау-дамайға арқау болған екпеге талдау жасаған. Мамандар
Үндістанда өндірілген дәрі-дәрмектің физикалық-химиялық және биологиялық
көрсеткіштері қалыпты деген қорытындыға келді. Яғни "Қазақстанда
жасөспірімдерді иммунизациядан өткізуге қолданылған екпелерден қауіп жоқ"
деген байлам жасалды.
Айта кетейік жаңа жылдан бері еліміздің бес облысында
жүргізілген екпеден 396 жасөспірім өздерін жайсыз сезініп, дәрігерлер көмегіне
жүгінді. 264 бала ауруханаға жатқызылған. Жағдай әсіресе Маңғыстау облысында
ушығып кетті. Осыдан кейін қызылшаға қарсы иммунизация жүргізу 4 мамырға дейін
тоқтатылды.
Дәулет Сәбденәлиев, медицина
техникасын сараптау ұлттық орталығы директорының орынбасары:
Біздің республикаға келіп түсетін
дәрілік заттар, біріншіден, тіркеуден өту керек. Өткеннен кейін алып келетін
заттар біздің орталық арқылы сапасы тексеріледі. Бірақ бұл вакцина енді келіп
тұр, бірінші рет, сол себептен біз анықтап жатырмыз. Оған дейін ол вакцина бізге
келген жоқ. Рұқсатты алып келуге Денсаулық министрлігі береді.
Берік ХАСЕНОВ