×

Шымкентте Жеңістің 70 жылдығына арнап ардагерлерге бірыңғай үлгіде киімдер тігіліп жатыр

AstanaTV
08.04.2015ж. 20:00
1387
Шымкентте Жеңістің 70 жылдығына арнап ардагерлерге бірыңғай үлгіде киімдер тігіліп жатыр

Мерекеге мерекелік киіммен. Шымкентте Жеңістің 70 жылдығына орай соғыс ардагерлеріне жаңа киімдер тігіліп жатыр. Жүріп -тұруының қиындағанына қарамастан, майдангерлер шеберханаға келді. Бүгінде қарттардың киім өлшемі алынып жатыр. Мерекелік киімнің түсі көк. Ішінен киетін ақ түсті жейде мен бастарына киетін аспан түстес берет те арнайы тігіледі.

Ардагерлерді киіндіруді шаһардағы тігін фабрикаларының бірі өз міндетіне алған. Олар мұны «жеңіс күні мерекесіне жасаған сыйымыз болсын» дейді. Тігіншілер киімдерді сәуірдің жиырмасына дейін толық аяқтап бітірмек. Жаңа киімнің әрқайсысы орта есеппен 35 мың теңгеге бағаланған. Осындай бір үлгідегі 184 киім тігілмек. Өйткені Шымкентте сұрапыл соғысты көрген осынша ардагер қалды. 

Анна Шаля, Ұлы Отан соғысының ардагері:

Жеңіс күні мерекесінде жыл сайын бас қосамыз. Барлығымыз бірдей киініп алғанда, өте тартымды көрінеміз. Қазір маған көрсеткен үлгі көңілімнен шықты. Мұндағы тігінші- дизайнерлер біздің жарасымды әрі ыңғайлы киімде болуымызға барынша тырысып жатыр.Тек қана алғыс айтқым келеді. 

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ