Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Алматыдағы «әйгілі барахолка» жаңаша түрленіп жатыр

AstanaTV
09.04.2015ж. 13:00
2078
Алматыдағы «әйгілі барахолка» жаңаша түрленіп жатыр

20 жыл бойы жабайы сауда алаңына айналған Алматыдағы барахолка жаңа даму кезеңіне көтерілді. Енді бірер жылдан кейін аумағы 1 млн. шаршы метрге есептелген сауда орталықтарының құрылысы толық аяқталмақшы. Қазірдің өзінде ескі базарлар сүріліп біткен. Ал базарлардың ортасын жарып өтетін магистральді автомобиль жолының құрылысы да қызу жүріп жатыр. Базар аумағынан бұрынғыдай сапырылысқан сауда емес қайнап жатқан құрылысты байқауға болады. Алып базармен бірге енді жабайы сауданың бүтіндей бір кезеңі келмеске кететіндей. Саудагерлердің де наразылығы басылып, әлеуметтік дүрдараздықтар саябырсыған. Тек сатып алушылардың жаңа сауда орындарына бой үйретуіне тура келеді.

Барахолка бұзылып кеткен, іздегенді тапайсың. Жақсы салынған, бірақ енді әлі бітпеген. Кіріп шықтым бәріне. -Жол кеңейді, тәртіп бар, бұрынғыдан біраз тәуір болды.

«Барахолка» аумағында іркес-тіркес орналасқан 33 базар бар еді. Оның тек екеуінен өзгесінің бәрі қызыл сызық бойына орналасқаны анықталды. Заңсыз орналасқандарының барлығы сүрілді. Жаңа сәулет жоспарына сай енді заманауи үлгідегі 15 сауда орны салынады. Қалалық сәулет басқармасының дерегінше, қазір 9 орталық құрылыс жүргізуге рұқсат алған. Бірақ базар қожайындары қайта жаңартылған сауда орындарында жалға беру құнының жоғары болатынын жоққа шығармайды.

Бақытжан Мәметов, базар директоры:

Бұрын контейнерлер болатын, жағдай жоқ еді. Қазір жақсы жылы жер, жарық іші. Сондықтан аренда көтеріледі, көп емес бірақ. Сауда онша емес, енді ашылғандықтан, ақырын жүріп жатыр. Қатты емес. Халық әлі білмей жатыр.

Әмбебап базар қиратылған соң жолдың екі жағы 60 метрге дейін кейін ығыстырылған. Мұнда сегіз жолақты автомобиль магистралі салынып жатыр. Жоспар бойынша, жыл соңына дейін ашылады. Одан артылған 16 гектар жер қалаға өтіп, ол жерге арнайы автотұрақтар салынбақ. Бұл әйгілі «барахолка» аумағында көлік кептелісін түбегейлі шешпек. Ал жаяу жүргіншілер мен арбакештер мынадай аспалы өткелдер арқылы ары-бері қатынай алады.

Жанат Айтілеу, Алматы қаласы сәулем және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары:

Ол жерде барлық құрылыс ережелері сақталуы тиіс. Біріншіден, ғимараттар Алматы жер сілкінісі аймағы болғандықтан 9 балдық жер сілкінісіне төтеп беретіндей болуы тиіс дедік. Сосын өрт қауіпсіздігі қатаң сақталуы тиіс. Және санитарлық талаптар бар. Сосын сәулет жағынан сырт келбеті қала сәулетіне сай болуы керек.

Жақында «Алатау», «Алатау-2», «Еуразия» мен «Юпитер» сауда орындары есігін айқара ашпақ. Шенеуніктер дерегінше, Орталық Азиядағы ең алып сауда орнын қайта жаңғырту жұмыстары 2016 жылы толық аяқталады.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ