$515.03 €584.82 ₽6.24
×

Қазақстан мен Қытай арасындағы төтенше жағдайлардың алдын алу туралы келісім қабылданды

AstanaTV
09.04.2015ж. 13:00
1150
Қазақстан мен Қытай арасындағы төтенше жағдайлардың алдын алу туралы келісім қабылданды

Қазақстан мен Қытай төтенше жайттарда бір-біріне көмектесетін болды. Бір тараптың аумағында төтенше ахуал туындағанда енді қысқа мерзімде көмек көрсетуге қол жеткізуі мүмкін. Бүгін Сенат «Қазақстан мен Қытай арасындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық келісімін ратификациялау туралы» Заңды қабылдады. Құжат енді Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі. Келісімге 2014 жылғы мамырда Астанада қол қойылған.

Бұл заң бір ел аумағында болған қандай да бір апатқа екінші елдің жедел түрде жәрдем етуіне мүмкіндік береді. Келісім сондай ақ төтенше жағдайларға болжам жасау және мониторинг жүргізу саласындағы тәжірибе алмасуды көздейді. Қауіп төнген жағдайда тұрғындарды даярлау, екі мемлекеттің азаматтық қорғаныс саласындағы мамандарын оқыту мәселесі қарастырылады. Бүгін ратификацияланған келісім, сондай-ақ табиғи-техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын азайтуға ықпал етеді.

Жұрағат БАМАН